Біртұтас экономикалық кеңістікті құру жөніндегі құжат өзара мәміленің нәтижесі болумен бірге көбінесе рамкалық сипаттағы құжат болмақ - РФ президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біртұтас экономикалық кеңістікті құру жөніндегі құжат өзара мәміленің нәтижесі болумен бірге көбінесе рамкалық сипаттағы құжат болмақ - РФ президенті

Біртұтас экономикалық кеңістікті құру жөніндегі құжат өзара мәміленің нәтижесі болумен бірге көбінесе рамкалық сипаттағы құжат болмақ - РФ президенті

Біртұтас экономикалық кеңістікті құру жөніндегі құжат өзара мәміленің нәтижесі болумен бірге көбінесе рамкалық сипаттағы құжат болмақ. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин Қазақстан, Украина және Беларусь мемлекет басшыларымен кездесуде атап көрсетті,- деп хабарлайды РФ президентінің баспасөз қызметі.

  • 19 Қыркүйек 2003
  • 518
Фото - Caravan.kz

Дайындалған құжаттар өзара келісіп-ұйғарылған мәселелерді шешуде мейлінше биязы көзқарас ұстануға мүмкіндік береді,- деді В.Путин. Бұл келісімдер барлық мемлекеттердің ұлттық мүддесіне толыққанды сәйкеседі.

«Төрттік» жетекшілері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру жөніндегі келісімге қол қоюға әзірлік танытты.
ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың хабарлауынша, «вице-премьерлер басқарған жоғары дәрежелі топ әр ел астаналарында ай сайын бас қосу нәтижесінде қауырт әрі ауқымды жұмыс атқарып шықты. Соның нәтижесінде барлық құжат дайын болып, президенттердің мәлімдемелері, Біртұтас экономикалық кеңістікті құру жөніндегі келісім жобасы мен оның тұғырнамасы қол қоюға әзір болды». «Бұл құжатарға қол қоюға кедергі боларлықтай ешбір себеп жоқ»,- деді ҚР Елбасы.

Соңғы жаңалықтар