Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу талап етілмейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу талап етілмейтін болады

Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу талап етілмейтін болады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

  • 2 Маусым 2011
  • 399
Фото - Caravan.kz

Құжаттың мақсаты көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесін айқындайтын, олардың еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібін және оларды әлеуметтік қорғауға байланысты мәселелерді реттеу болып табылады. Келісім Кеден одағы аясындағы үш елдің қызметкер азаматтарының еркін жүріп-тұруы үшін жағдайларды қамтамасыз ететіндіктен, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру мақсаттарына сай келеді. «Бүгінгі күні әр мемлекет өздерінің ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жұмыс істеуге арналған рұқсат алу тәртіптерін, квота белгілеу шараларын қолданады. Бірақ, өз кезегінде бұл шаралар жұмысшыларды жіберу ережелері үшін еңбек қызметін жүзеге асыру барысындағы әкімшілік кедергілер болып табылады. Сондықтан, келісім бойынша ендігі ретте біздің елге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу талаптары қажет етілмейтін болады. Осы үш ел арасындағы аталған шектеулерді алып тастауды Қазақстан Үкіметі бірқатар жағдайларды ескере отырып қабылдады», — деді заң жобасын түсіндірген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова. Министрдің айтуынша, Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында жұмыс істеуге рұқсат алуды болдырмау адам капиталының еркін қозғалысы жөніндегі халықаралық нормалардың талаптарына сәйкес келеді.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар