Жарияланды: 370

Бірыңғай экономикалық кеңістік: Ұттық па, ұтылдық па?» - БАҚ-қа шолу

«Егемен Қазақстан» басылымында «Президенттің жұмыс кестесі: 2012 жылдың негізгі қорытындылары» атты тақырыппен сараптама берілген. «Шетел сапарларын, өңірлерге жасалған жұмыс сапарларын, түрлі отырыстар мен кеңестерді, халықаралық және республикалық форумдардың, конференциялар мен съездердің жұмыстарына қатысуын, шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлерін қабылдауларын, жұртшылық пен еңбек ұжымдарының өкіл­дерімен кездесулерін, өнеркәсіп

кәсіпорындары мен әлеуметтік объектілерде болуларын қоса алғанда, Президент Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен жыл бойы 700-ден астам хаттамалық іс-шаралар өтті», - деп жазады газет. «Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, жер астын барлау мен бұрғылау жұмыстарының қарапайым тұрғындар түсіне де, түйсіне бермейтін тұстары жетерлік. Геология мен геодезия тілінде бұрғылау шламы деген ұғым бар. Бұл, бұрғылау кезінде пайда болатын ұсақ, ұнтақ улы қалдықтар деген түсінікті береді. Егер осы өндірістік қалдықтар дер уақытында жиналып алынып, арнайы жасақталған орындарға көмілмесе қоршаған ортаға айтарлықтай зиянын тигізеді. Орал өңіріндегі прокуратура органдары тиісті тексе­рулер мен қадағалаулар ба­­­­­ры­­сында бұл бағыттағы эко­­логиялық талаптардың бел­ден басылғанын анықтады. Атап айтқанда, Зеленов ауда­нының Январцево ауыл­дық округі аумағында 816 тек­­­ше метр көлемінде улы өнер­кәсіптік қалдықтар ашық жер­­де жиналмай қалған. Бұл материал басылымның бүгінгі санында «Экологиялық алаяқтар анықталуда» деген тақырыппен көпшілік назарына ұсынылып отыр. *** «Қолжетімді баспана-2020» бағдарлама­сына қатысушыларды бірқатар түзетулер күтіп тұр. Ең алдымен бұл бағаға қатысты. Қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамта­масыз ету міндетін шешудің кешенді амалын ескере келіп, Үкімет шаршыметрге бағаны тө­мендетуге тырысуда. Кешенді амалдың мәні - қолжетімді бас­пананы салудың көпқырлы схемасын қалыптас­тырып, оны іске асыру болып табылады. Екінші аспект - сату құнының құрылыстың өзіндік құны мен рентабелділігіне тікелей тәуелді екен­дігін ескере отырып, Министрлер кабинеті шар­шы метрдің құнын төмендетудің батыл шара­ларын қабылдауға шешім қабылдап отыр. Мұны құрылыс материалдары шығынын тө­мендету арқылы жасау көзделуде. Алайда бұл құ­рылыс саласында қолданылатын өнімдердің сапасы төмендейді дегенді білдірмейді. Тіпті керісінше болуы да мүмкін. Бар мәселе - Қа­зақстанда өзінің құрылыс материалы өндірісін құру және қуатын арттыру жөніндегі алғашқы қадам жасауда болып отыр»,-деп жазады «Айқын» басылымы бүгінгі санында. Осы жайында толық білгіңіз келсе, газеттегі «Үкімет үйдің бағасын қалай төмендетпек?» атты мақаланы оқып шығыңыз. Осы басылымда «БЭК: Ұттық па, ұтылдық па?» деген тақырыппен мақала жарық көрді. «Айқынның» жазуынша, есіктен кірген «Жылан жылында» бір түркі, қос славян елі арасындағы «еркін кеңістікті» қалыптастыру үдерісі аяқталатынға ұқсайды. Кеше Парламентте биылғы жылдың сәуір айында «Бірыңғай экономикалық кеңістікке» мүше мемлекеттер басшыларының қорытынды отырысы өтетіндігі хабарланды. Тиісінше, қазақстандық заң шығарушы биліктен наурыз айының соңына дейін Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы осы жаңа ұйымға қатысты барлық заңдарды қабылдап ал, келісімдерді тегіс ратификациялап үлгеру «сұралды». Демек, қалаулыларға қарқынға қарқын қосып, жанұшыра-жанталаса жұмыс істеуге тура келетінге ұқсайды. *** «Литер» басылымының жазуынша, Әзірбайжан Қазақстанның латынға көшуі ұмтылысында өзінің тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізген екен. Аталған елдің елшісі Закир Гашимовтың айтуынша, Қазақстанның латынға ауысуы түркітілдес халықтардың бұдан ары қарай тығыз өзара түсіністігіне ықпал етеді және мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға жаңа серпін бермек. Басылымда Әзірбайжан бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде Одақтың ыдырағанынан кейін тәуелсіздікті алысымен осындай қадамды алғашқы жүзеге асырған елдердің бірі екені аталып өткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін