Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, республика бойынша Бірыңғай ұлттық тестілеу шарасы 10-15-маусым аралығында өткізілді. Оған биыл орта мектептерді бітірген 179,2 мың бала , соның ішінде қазақ тілінде білім алған 105,5 мың, орыс тілінде білім алған 73,6 мың бала қатысты.
Тестілеу қорытындысы бойынша, 1230 түлек немесе барлық мектеп бітірушілердің 0,7 проценті 101-120 аралығында балл жинады. Соның ішінде қазақ тілінде білім алған 629, орыс тілінде білім алған 601 бала жоғарғы балл жинады. 25,1 мың түлек немесе 14 проценті 71-ден жоғары балл алды. Олардың 12,6 мыңы — қазақ, 12,5 мыңы — орыс тілінде білім алғандар. Түлектердің 61 проценті, немесе 109,3 мың бала 40-тан жоғары балл жинады. Соның ішінде, 62,9 мың бала — қазақ, 46,4 мың бала — орыс тілінде білім алған.
43,5 мың бала немесе, түлектердің 24,3 проценті 39-дан төмен балл алды. Соның ішінде 29,3 мың бала қазақ, 14,1 мың бала орыс тілінде білім алған.