Caravan Logo

Бірыңғай ұлттық тестілеудің әділеттігіне күмәнданушылар баршылық

Бірыңғай ұлттық тестілеудің әділеттігіне күмәнданушылар баршылық

Осы сәттен бастап кешегі оқушылар ересек өмірге аяқ басты. Ұлттық бірыңғай тестілеу олардың арасынан мықтыларын және әлсіздерін анықтамақ. Астаналық учаскелерде биыл талапкерлерді тексеруге ерекше көңіл бөлінген. Қадағалаушы тәртіп сақшыларының да саны биыл көбірек, оның сыртында жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда.

Баубек Сомжүрек, ҰБТ тапсыру учаскесінің жетекшісі:

- Арнайы құралдар қойылған аудиторияларда ұялы телефонның жұмыс істеуіне кедергі келтіреді - біріншіден. Екіншіден - биыл мониторлар орнатылды, әр аудиторияда балалардың қалай тест тапысырып жатқанын ата-аналар көре алады.

Осылайша ата-аналар мен ұстаздарға балаларын тек сырттан бақылауға тура келді. Бірқатары уақыттың аздығына өкпелі.

Ұлболсын Шиденова, талапкердің анасы:

- Үш сағатта 5 сабақтан тапсыру - өте қиын. Әр пәннен бір-бір күннен өткізуге тілектеспін.

Ал талапкерлердің көбі өздеріне сенімді. Емтихан сауалдарының барлығы көңілден шықпаса да.


Фарида Әбдіхалықова, талапкер:

- 11-сыныпта өтпеген тақырыптағы сұрақтар болды. Мысалы,тарихтан, математикапәнінен.

 Әсем Алтынбек, талапкер:

- Кейбір сұрақтардың дұрыс жауаптары болмайды; сұрақтар да дұрыс емес.

 Сымбат Әшімова, талапкер:

- Қазір осы логикалық сұрақтарға күмәнданып, көбісі соған қобалжиды.

Биыл Бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыруда өзгеріс жоқ. Бұрынғыдай бітіруші кемінде 50-ден жоғары ұпай жинауы тиіс. Алғашқы күндердің қорытындысы бойынша 45 мыңнан астам жас өз білімін дәлелдеп шықты. Алайда 10 пайызы емтиханнан өткен жоқ. Дәл қазір апелляциялық комиссиялар үшін қызу жұмыс басталмақ.