— Біржан біз сенің жеңілігеніңе әлі сенбей тұрмыз…
— Сіздерді қойып, мен өзіме-өзім сенбей тұрмын. Қалай ұтылып қалғанымды білмеймін. Елден, барлық жанкүйерлерімнен жеңіліп қалғаным үшін кешірім сұраймын. Үміттеріңізді ақтай алмағыным үшін кешіріңіздер.
— Қарсыласың өзіңе жақсы таныс болды. Қай жерден қателікке бой алдырдым деп ойлайсың?
— Үлкен қателіктерге жол бердім. Енді не айтсам да кеш. Өйтуім керек еді, бүйтуім кереу еді деп ақталғым келмейді.
— Ендігі жоспарың жайында айта аласыз ба?
— Жоқ, әзірге ештеңе айта алмаймын.
— Үшінші Олимпиаңда сөзсіз медаль алам деген жоспар болды ғой…
— Әрине, ешкім жүлдесіз қайтам деп ойламайды ғой. Сол сияқты мен де медальдан үміттендім. Бірақ… Бәрін өздеріңіз көрдіңіздер.
— Өзге әріптестеріңізге не айтасыз?
— Менің жолымды бермесін. Олар қателікке бой алдырмай, жеңіс тұғырына жетуге тілектеспін.
— Әңгімеңізге рахмет!