Бүгінгі сот процесі басталмай тұрып алқа билердің бір мүшесі ауысты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Судья Айжан Құлбаева алқа билердің бір мүшесі денсаулығына байланысты сот отырысына қатыса алмайтынын мәлімдеді.
Мұндай жағдайда заң бойынша оның орнын қосалқы алқа би мүшесі алмастыруға тиіс. Бұл ретте қосалқы алқа би мүшесі өз орнына жайғасып, сот процесі жалғасын тапты.
Бишімбаевтың адвокаттары сот отырысына қатыса алмаған алқа би мүшесінің денсаулығында кінәрат бар екенін дәлелдейтін құжаттарды сұрады. Сот хатшысы тиісті қағаздарды көрсетті.