"Бишімбаев ісінің жаңа жұлдызы": Нүкенованың мәйітін зерттеген сарапшы қазақстандықтарға алғыс айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бишімбаев ісінің жаңа жұлдызы": Нүкенованың мәйітін зерттеген сарапшы қазақстандықтарға алғыс айтты

"Бишімбаев ісінің жаңа жұлдызы": Нүкенованың мәйітін зерттеген сарапшы қазақстандықтарға алғыс айтты

9 сәуір күні өткен сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың дене жарақаттарын зерттеген сот-медицина сарапшысы Тахир Халимназаров сот процесін жіті қадағалап отырған қазақстандықтардың қошеметіне ие болды.

  • 11 Сәуiр
  • 142
Фото - Caravan.kz

Сарапшы сот залына манекен кірзізу арқылы Нүкенованың дене жарақаттарын кәсіби тұрғыда талдап, айыпталушы Бишімбаевтың қорғаушылары қойған сұраққа мүдірмей жауап берген болатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

33 жылдан бері сот-медициналық сарапшысы болып қызмет етіп келе жатқан Тахир Халимназаровтың 15 сағат бұрын ашылған Instagram желісіндегі парақшасына 17 мың оқырман тіркеліп үлгерген.

Елдің ыстық ықыласына бөленген кәсіби маман өзіне айтылып жатқан тілектер мен көрсетіліп жатқан қолдауды жоғары бағалайтынын жеткізген.

«Құрметті, менің оқырмандарым! Маған көрсетіп жатқан қолдауларыңыз бен жылы лебіздеріңізге алғыс айтқым келеді. Менің кәсібилігіме беріп жатқан бағаларыңыз мен үшін өте қымбат. Кешегі күн менің 33 жылдық еңбегімнің жемісі мен жеңісі секілді болды», — деп жазды Тахир Халимназаров.

Сарапшының алғашқы жазбасына 9000-ға жуық пікір жазылған.

«Үлгі тұтатын адамсыз», «Мықты маман, нағыз адам сіздей болу керек», «Сіз — аңыз адамсыз», «Сіздің кәсібилігіңізге бүкіл Қазақстан тәнті болды», «Елімізде осындай адал мамандар көп болу керек», — деп жазды желі қолданушылары.