Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Адырна«-ға сілтеме жасап хабарлайды.
“Біз біргеміз” консультативтік-ситуациялық орталықтың бастауымен Бишімбаевтардың табысын тексеріп, мүлкін тәркілеу ұсынылды. Белсенділер жағдайға президенттің араласуын сұрайды.
“Уәкілетті органдарға нұсқау беріп, отбасының барлық мүлкіне жедел тексеру жүргізу қажет. Аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікпен қазір сотқа тартылған Бишімбаев бұрын министр болып жұмыс істеген кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғанын білеміз. Ашық дереккөздерден белгілі болғандай, жемқор шенеуніктің анасы әлі күнге дейін әртүрлі компанияларда ірі бизнес активтеріне ие. Бұл сотталған жемқор шенеуніктің үкімді орындаудан және мүлкін тәркілеуден жалтарып үлгергенін көрсетеді”, – делінген петицияда.
Олар Әлмира Нұрлыбекованың 2005-2016 жылдары иеленген активтерінің заңдылығына күмәнмен қарайды. Үй шаруасында болған анасының, ұстаздықпен айналысқан әкесі Уәлихан Бишімбаевтың мұндай байлығының болуы сенімсіз дейді олар.
“Бишімбаев өз байлығының мүмкіндіктерін шексіз пайдаланып жатыр. Оны қорғайтын адвокаттардың саны оннан асты. Олардың арасында тергеу анықтаған айғақтарды бұрмалағысы келгендер де болды. Аталған заңгерлер Нүкеновтер отбасының сезімін, жалпы адамзаттық құндылықтарды асыра сілтеп, Нүкенованың образын жаман етіп көрсетіп, садистік қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамды ақ етіп шығаруға ұмытып отыр” – деді белсенділер.
Петиция авторлары Бишімбаевтың мүлкін тәркілеуге қатысты бұрын шығарылған үкім толық орындалуын талап етті. Талаптар еленбеген жағдайда жалпыхалықтық наразылық акцияларын өткізуге және митингіге шығуға құқылы екендерін ескертті.
Петицияға 61 мыңнан астам адам қол қойған.
Айта кетейік, бүгін Бишімбаев ісі бойынша 3-сот отырысы өтіп жатыр. Судья Бишімбаевтан сот барысында жауап алуға рұқсат берді. Экс-министр, кншірім сұрады, бірақ кінәсін мойындамады.