Бишімбаев: «Салтанаттың психологиялық тұрақсыздығы әкесінен берілген» - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаев: «Салтанаттың психологиялық тұрақсыздығы әкесінен берілген»

Бишімбаев: «Салтанаттың психологиялық тұрақсыздығы әкесінен берілген»

Бишімбаевтың сотын халық циркке теңеді. Әлеуметтік желіде қазақстандықтар наразылықтарын ашық білдіріп, түрлі пікірлерімен бөлісіп жатыр.

  • 3 Сәуiр
  • 126
© Photo

Астана қаласында бұрынғы министр, әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтің ісі қаралып жатыр. Сот ашық түрде, тікелей эфирде көрсетіледі. Youtube арнасында көрсетілген сот барысын миллионнан астам халық қараған. Соңғы бірнеше күнде халықты екі ғана мәселе алаңдатып отыр: біріншісі су тасқыны болса, екіншісі сот барысы, деп хабарлайды Caravan.kz медиапорталы.

Соңғы сот отырысында істі болған Бишімбаевқа сөз берілген еді. Прокурордың айтуынша, ол сотқа дейін ешқандай түсініктеме бермеген, 5 рет жауап беруден бас тартқан. Оның себебін халық айтпаса да түсініп отыр. Ол сотта ғана сөйлеп, шындығы мен өтірігі аралас жауап беруге тырысқан сияқты. 

Соттағы тағы бір дау тудырған мәселе, айыпталушы сөйлеген кезде, судья оған еш ескерту жасамады. Ал Бишімбаев әйелімен танысқан күннен бастап бар өмірін ортаға жайып салды. Сондағы мақсаты – қайтыс болған әйелін қаралау, оған күйе жағу. 

Бұл Бишімбаев пен оның қорғаушыларының тәсілі. Яғни, Character Assassination (CA) – ағылшын тілінен аударғанда адам өлтіру, оның беделін түсіріп, қаралау. Олардың негізгі тезисі – Салтанат Нүкенова ішімдік ішкіш, жүргіш, қызғаншақ, ұрысқақ. 

Экс-министр әр бір сөзінде марқұм Салтанат Нүкеноваға тіл тигізді. Өзі сүттен ақ, судан таза екен, әйелін алақанында ұстап жүріпті. Барлығына кінәлі әйелі. Ол тіпті әйелінің отбасына да тіл тигізді.  Марқұм Салтанаттың әкесі психикалық аруға шалдыққанын мәлімдеді.

«Салтанаттың көңіл-күйі жиі ауысып отыратын. Бір жағдай бола қалса, кетемін деуді шығарған. Ондай әрекеті психикалық жағдаймен байланысты. Бір кезде әкесінің психикалық ауруы бар екенін айтқан. Маған сенгендіктен шығар», — деді экс-министр.

Осы жағдайдың өзінде судья оған ескерту жасамады. Алайда прокурор шындыққа жанаспайтын Бишімбаевты дереу тоқтатуын өтінді. Сол кезде екі жақ сөзге келіп қалды. Жәбірленушінің адвокаты оның сөзін жоққа шығарып, нақты дәлел келтіре алды. 

Қазір сотты бақылап отырған бүкіл ел судьяның  іс-әрекетінен жиіркеніп отыр. Кейбіреулері ақшаға сатылған десе, басқалары ауыстыруын сұрауда. Белгілі болғандай басты судьяның аты-жөні Айжан Кульбаева. Ол бұған дейін де бірнеше шулы істер бойынша үкім шығарған. 

Халықтың қалаулысына айналған батыр қыз Айжан Аймағанова. Ол айыптаушының бірі – Астана прокурорының аға көмекшісі. Осы істі жүргізіп келе жатқан прокурор адал еңбегі мен қайсар мінезімен көзге түсті. 

Бірнеше күн бойы тікелей эфирде өтіп жатқан сот түрік сериалына ұқсайды. Бір сөзбен санта-барбараға айналды. Марқұм Салтанат Нүкенованы өлтірген күйеуі әбден қаралап жатқан кезде, Қазақстан халқы қолдау акцияларын бастап кетті. 

#Салатантүшін хэштегімен басталған флешмобты «Немолчи» қоры бастап, қазақ әйелдері мен көрші мемлекеттер қоштап кетті. Әлемжеліде тараған суреттерден Салтанатты қолдайтындардың саны айтарлықтай көп екенін байқауға болады.

Флешмобтың мәтіні:

«Қолымда бір бокал шарап болса да, өлтіруге қақың жоқ»

Сондай-ақ «манипуляцияның нағыз шебері» деп атаған Бишімбаевтың бұрынғы әйелі де одан әрі үндемей қала аламады. Оның бұлай істеуіне экс-министрдің сотта берген жауабы түрткі болды. Назым Қаһарман сотта ортақ балалары туралы көп сөз болғанына ашуланды.

«Қайта-қайта балаларды айта берді. Мені Салатантқа жазды деді. Оның бәрі өтірік», — деді ол. Сөзінің дәлелі ретінде Салтанат Нүкеновамен хат алмасқан сәтінің суретін көрсетті. Одан кейін екеуі араласпаған. Ал Бишімбаевтың балалары марқұм Салтанатпен жақсы қарым-қатынаста болғанын да жазды. Әлі күнге дейін қызы Салтанатты сағынып, кейде оған хат жазатынын жасырмады. 

Бишімбаевқа сөз берілген кезде, ол Салтанатпен қалай танысқанын айтқан. Отырыс кезінде марқұмның анасы оның сөздеріне ашуланып, өзін ұстай алмай, айқайлап жіберген еді. Себебі ол Салтанатты жүргіш қыз дей отырып, онымен таныспай тұрып, бірнеше ер адамның көңілдесі болғанын мәлімдеген. 

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер соты өтті. Бишімбаев тағы да өз кінәсін мойындамады. Тағылған айыптармен келіспейтінін айтып, өзін кінәсіз деп санайтынын бірнеше рет қайталады.

«Прокурордың оқып шыққанының бәрі ойдан шығарылған, мұның бәрі расталмаған, дәлелденбеген. 110-бап бойынша қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған емес, мен кінәны мойындамаймын» деді.

Қаншама дәлел, видео ұсынылса да Бишімбаев кінәсін мойындамаймын дейді. Прокурордың айыптауын оқысаңыз аза бойыңыз қаза болады

Онда Бишімбаев пен Нүкенованың танысқан күндерінен бастап, Нүкенованың өліміне себеп болған оқиғаға дейінгі жайттар баяндалды.

Бишімбаев азаматтық неке кезінде Нүкеноваға зорлық-зомбылық көрсеткен, негізсіз қызғаныштың кесірінен ұрып-соққан, аңдыған, жақындарымен араластырмаған. Аз ғана уақыт ішінде Салтанатқа үзбей зорлық-зомбылық көрсеткен.

Айыптау актісінде 8-9 қарашадағы оқиға ашық айтылды. Бишімбаевтың Салтанатқа қол көтергені, аяқ киімімен жанды жерлерінен тепкені, Салтанаттың денесіндегі жаралары мен зақымданған органдары жайлы тыңдау сотқа қатысып отырған Нүкеновтерге де ауыр соққаны анық.

Бұл сотта Бишімбаевтан бөлек аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін туысқаны Байжанов та жауап беруде. Ол Бишімбаевтың бұйрығымен видеожазбаларды өшіргенін,  Салтанаттың телефонын алып кеткенін мойындап, ол кезде Нүкенованың өлім үстінде жатқанынан немесе қаза болғанын хабардар болмағанын айтты. Сондықтан өзінің кінәлі немесе кінәсіз екенін айта алмайтынын жеткізген. 

Енді келесі сот отырысы бүгін 3 сәуір күні өтеді.