Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты

Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты

Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтті.

  • 6 Мамыр
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бүгін сотталушылар соңғы сөзін айтады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Сот алдымен Бишімбаевқа сөз берді. Сотталушы парақтан соңғы сөзін оқи бастады.

«Құрметті сот, құрметті алқабилер, сот отырысына қатысушылар, соңғы сөзімді айтатын кез келді, кейін менің тағдырымды өздеріңізге шешуге тура келеді. Сіздерге бұл жаупкершілік жеңіл емес екенін түсінемін. Сотты алқабилермен өткізу менің таңдауым болды. Мен үшін бұл оңай таңдау болған жоқ, өйткені елде бұл мәселемен таныс болмайтын адам болмайтынын түсіндім», — деп бастады сөзін Бишімбаев.

Бишімбаев өз сөзінде «Салтанаттың өлімін қаламағанын» баса айтып, қасақана адам өлтіру бойынша кінәсін мойындамайтынын айтты.

«Мен ешқашан, еш уақытта Салтанатқа өлім тілемедім. Мен бұлай болады деп ойламадым. Мен кінәлімін, бірақ қасақана адам өлтіруге емес. Менде жасырынып, жауапкершіліктен қашудың барлық мүмкіндігі болды, бірақ олай істемедім. Бірақ тергеу әлеуметтік желілер мен БАҚ қысымына ұшырады. Сотта, материалдарды зерделеу кезінде қасақана адам өлтіру жоққа шығарылғанын көресіздер. Салтанаттың өлімі абайсызда болды.

Тексеру нәтижесінде гематома себеп болғанын көрсетеді. Мен ол тамырды әдейі үзе алмас едім. Оның бас сүйегі бүтін, жарақаттары жоқ», — деп қосты сотталушы соңғы сөзін сөйлеп.