Бишімбаев соты: алқабилер нақты үш сұраққа жауап береді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаев соты: алқабилер нақты үш сұраққа жауап береді

Бишімбаев соты: алқабилер нақты үш сұраққа жауап береді

Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында алқабилерге қойылатын сұрақтарды талқылау басталды. Оған алқабилер қатыспайды.

  • 13 Мамыр
  • 8
Фото - Caravan.kz

Сот залынынан бұқаралық ақпарат құралдарын да шығарып жіберді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 653-бабына сәйкес, сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетеді. Ал тараптар сұрақтардың мазмұны мен тұжырымдалуы бойынша өз ұсыныстарын жасайды. Судья алқабилердің кеңесу бөлмесінде шешуiне жататын сұрақтарды жазбаша түрде тұжырымдап, тараптарға оқып бередi. Сосын ең соңында сұрақ парағына енгiзедi және оған қол қояды. Осыдан кейін сұрақтарды өзгертуге рұқсат жоқ.

Алқабилер әрбір сотталушы бойынша негізгі үш сұраққа жауап беруі тиіс. Олар:

1) іс-әрекеттiң орын алғаны дәлелдендi ме?

2) бұл іс-әрекеттi сотталушының жасағаны дәлелдендi ме?

3) бұл іс-әрекеттiң жасалуына сотталушы кiнәлi ме?

«Сотталушының кiнәлiлiгi туралы негiзгi сұрақтан кейiн кiнәлiлiк дәрежесiн арттыратын немесе төмендететiн не оның сипатын өзгертетiн, сотталушыны жауаптылықтан босатуға әкеп соқтыратын осындай мән-жайлар туралы жекеше сұрақтар қойылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайларда қылмыстық ниеттiң жүзеге асырылу дәрежесi, іс-әрекеттiң соңына дейiн жеткiзiлмеуiне түрткі болған себептер, сотталушылардың әрқайсысының қылмысты жасауға сыбайласа қатысу дәрежесi мен сипаты туралы сұрақтар да жеке қойылады», — делінген кодексте.

Сұрақтар тұжырымдалғаннан кейiн судья және негiзгi алқабилер үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi.