Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, 27 наурызда өткен алғашқы сот отырысында Қуандық Бишімбаев Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамаған болатын.
«Кінәмді мойындамаймын. Маған соталды тергеуде де, ешқай жерде өз оқиғамдыайтып беруге мүмкіндік берілмеді. Прокурор айтқан айыптар көбіне куәгерлер жоқ сөздер. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша қылмыс жасаған жоқпын. Кінәмді мойындамаймын», — деді Бишімбаев сотта.
Еске салайық, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол сол кезде әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.
Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды.
Бұл іс бойынша бүгінгі алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы сұмдық жайттарды айтқан еді.