Бишімбаевқа қатысты сот процесін тікелей эфирде барлық адам бақылай алады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаевқа қатысты сот процесін тікелей эфирде барлық адам бақылай алады

Бишімбаевқа қатысты сот процесін тікелей эфирде барлық адам бақылай алады

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деп айыпталған Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды.

  • 27 Наурыз
  • 34
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар бүгін Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті. Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы.

Іс бойынша 27 наурызда сағат 16:00-ден басталатын басты сот отырысы Жоғарғы Соттың YouTube-каналында онлайн көрсетіледі.Сот барысын кез келген адам бақылай алады. 

Жоғарғы Соттың коммуникациялар бөлімінің басшысы Перизат Сәдуақастың айтуынша, мұндай шешім осы іске қоғамның қызығушылығының артуына байланысты қабылданған. Бұл Қазақстан тарихындағы тікелей эфирде барлығы бақылай алатын алғашқы сот процесі.