Оразбахованың сөзінше бүгін үкімнің шығу ықтималдығы 70-те 30 пайыз арасында.
«Бәрі судья мен алқабидің кеңесу бөлмесінде қанша уақыт болатындарына байланысты. Дауыстар саналып болғаннан кейін судья үкімді жазады. Оның өзіне біраз уақыт қажет», — деп жауап берді адвокат.
Прокурордың Бишімбаев үшін қанша жыл сұрағанына адвокат жауап бере алмайтынын айтты.
«Бұл жабық есіктің артында болды, мен оны жариялай алмаймын. Үкім шықаннан кейін айтатын боламыз», — деп жауап берді Жанна Оразбахова.