"Бишімбаевтың ісі фильм болуға лайықты": Баян Алагөзова - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бишімбаевтың ісі фильм болуға лайықты": Баян Алагөзова

"Бишімбаевтың ісі фильм болуға лайықты": Баян Алагөзова

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы Бишімбаевтың ісі бойынша пікір білдірді.

  • 10 Мамыр
  • 73
Фото: caravan.kz

Қазақстандық продюсер бірінші рет резонансты оқиғаға байланысты ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Жасым 50-ге келіп соттың ашық түрде өтуіне алғашқы рет куә болуым. Мен үшін бұл ерекше құбылыс. Бір сәтте демократиялық мемлекетке айналдық. Яғни, қоғам ақырын болса да өзгеріп келеді. Бұл оқиғадан кейін енді басқа шындықты жасыру мүмкін болмайды.

Салтанат Нүкенова Қазақстан әйелдерінің болашағы үшін құрбан болды. Себебі осы резонансты оқиғаға дейін біздің қоғам терең ұйқыда жатты. Басқа жағдайда қоғамның санасы өзгермес еді. Өкінішке орай, Нүкенованың өлімі зорлық-зомбылық зұлым екенін көрсетті. Әйелдер қауымының санасына осы шындықты жеткізді.

Зорлық-зомбылық жасаған адамды ешнәрсе ақтай алмайды. Біз қоғам болып жан-жағымызға қолдау білдіріп, көмектесу керекпіз. Басқалардың өміріне немқұрайлы қараудан арылуымыз керек. Егер отбасы сырттан көмекке мұқтаж екенін байқасақ, қол сілтмей, бірден құзырлы органдарға хабарлауымыз керек. Америкада бұл қалыпты жағдай. «Басқаның өміріне араласпа» деген ұғым жоқ. Бұл — қоғамның санасының өскенін көрсетеді.

Бишімбаевтың ісі қоғамды шулатты. Ал біз оны тек сынаумен айналысып келеміз. Біз қазір оны соттаймыз, түрмеге қамаймыз. Ал осы мәселе қайдан шықты? Мәселенің түбіне үңілуіміз керек, не үшін, қалай деген сұрақтарға жауап іздеу керек. Қоғам болып біз қай жерден қателестік?

Ата-анасының берген сұқбатын көрдім. Әрине, оларды сынамаймын. Оларды түсінуге тырысамын. Дегенмен, анасы Қуандықты махаббат пен сыйластықта өскенін айтты. Ол ұзақ күткен ұлдары екенін айтты. Олай болса, осындай қылмысқа Бишімбаевты не итермеледі? Не үшін ол осындай қатыгез болып өсті?

Бұл мәселемен егжей-тегжейлі күресуіміз керек. Айтып жүрмін ғой, балабақшаларға әйел мен ердің қарым-қатынасы жайлы жаңа тәртіп сабақтарын енгізуіміз керек. Одан бөлек, білім мекемелеріне де енгізілуі керек. Біз ерте ме кеш пе осыған келеміз.

Ұқсас жағдай менің басымнан да өткен. Сол кезде де қоғам екіге бөлінде. 70-пайызы өзің кінәлісің деген пікірде болды. Яғни, әйелдердің көпшілігі өздерін «екінші сорт» деп қабылдайды. Ер адам не істесе де дұрыс деп ойлайды. Өкінішке орай, бұл біздің қоғамның білімсіз екенін, санасының төмен екенін көрсетеді.

Әйел адам не істесе де, еркек қол көтеруге құқығы жоқ. Тіпті күш көрсетіп, физикалық зорлық көрсетуге де қақың жоқ. Еш болмай жатса, ажырас. Кет. Салтанаттың жағдайына дейін жеткізуге болмайды.

Бишімбаевтың ісі — өте сирек, бірегей жағдай. Ол шенеунік, өнегелі отбасынан шыққан, жоғары білімді азамат. Бұл жағдай міндетті түрде фильм болуға лайықты», — деп қорытындылады Баян Алагөзова.