Бишімбаевтың ісін қарап жатқан судьяны қорқытып жатқан кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаевтың ісін қарап жатқан судьяны қорқытып жатқан кім?

Бишімбаевтың ісін қарап жатқан судьяны қорқытып жатқан кім?

Астана полициясы судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

  • 21 Сәуiр
  • 22
Фото: ашық дереккөз

Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қылмыстық кодекстің  407-бабы  1-бөлігі («Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу») бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқықбұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланым анықталды.

«Тексеру шараларының нәтижелері бойынша, тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабы 1-бөлігі («Судьяға жала жабу») бойынша қылмыстық іс қозғады. Заң кез келген адамға сот төрелігін жүзеге асыру процесіне, оның ішінде судьяның атына жала жабу немесе қорқыту сипатындағы материалдарды жариялау жолымен, ықпал етуге тыйым салатынын ескертеміз. Сот билігінің беделін түсіретін әрекеттердің жолы кесілетін болады», – деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.