Бишімбаевтың қашып кеткені туралы ақпарат тарады: ҚАЖК жауабы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаевтың қашып кеткені туралы ақпарат тарады: ҚАЖК жауабы

Бишімбаевтың қашып кеткені туралы ақпарат тарады: ҚАЖК жауабы

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа қатысты пікір білдірді

  • 11 Қараша
  • 9
Фото - Caravan.kz

. Онда бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияда жоқ екені айтылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде сотталған Қ. Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр», — делінген хабарламада.

ҚАЖК қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге назар аударуға шақырды.

«Осы жалған ақпаратты таратуға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша процесс аяқталды. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты сот жұбайын азаптағаны және өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.