Бишімбаевтың қол астында жұмыс жасаған журналист Самал Ибраева экс-министрдің қандай басшы болғанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаевтың қол астында жұмыс жасаған журналист Самал Ибраева экс-министрдің қандай басшы болғанын айтып берді

Бишімбаевтың қол астында жұмыс жасаған журналист Самал Ибраева экс-министрдің қандай басшы болғанын айтып берді

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолында жұмыс жасаған журналист Самал Ибраева оның қандай басшы екенін айтып берді.

  • 12 Мамыр
  • 1176
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Бишімбаевтың алғашқы жарынан сұхбат алу кезінде айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”2014-2017 жылдары Қуандық Бишімбаевпен бірге жұмыс жасадым, ол кісінің қол астында жұмыс жасадым. Иә, ол кісі өте білімді, жұмфс кезінде сондай талабы зор адам. Бәрін қазір талқылағанда, біз шыныменде ұжым ретінде өте психологиялық, моральдық тұрғыда күйзелісте болдық. Ол кісі бізге, барлық қызметкерлерге айқайлайтын, ер адамдарды боқтап тастайтын. Ол кісіде өте үлкен агрессия болды. Қызметкерлерді түнгі 1-ге дейін ұстап отыратын. Бірақ ол кісінің қол астындағы қызметкер болғандықтан, қазақи менталитет болғаннан кейін біз үндемейміз, сыйлағаннан кейін. Бізде қазақта сондай ғой”, — деді Самал Ибраева.