Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Tengrinews.kz YouTube-та Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы видеосына трансляция жасайды. Сот отырыстары Tengrinews.kz Instagram-парақшасында да онлайн көрсетіледі.
9 сәуірде өтетін сот отырысы сағат 9.30-да басталады.
Бишімбаевқа қандай айып тағылып отыр?
- Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы «Көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты қианау»;
- 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру».
Екінші сотталушы Байжановқа қандай айып тағылып отыр?
- Қылмыстық кодекстің 432-бабы «Қылмысты жасырып қалу»;
- 434-бап «Қылмыс туралы хабарламау».