Құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің түсініктемесіне сәйкес, 24-25-наурызда Бішкекте болған тонаушылық және бұзақылық деректеріне қатысы бар адамдарды анықтау үшін 110 адам тұтқындалған. Олардан Бішкек дүкендерінен тоналған дүниелер тәркіленді.
Жалпы алғанда 24-28-наурыз күндері Бішкек қалалық ІІБ-ына 218 адам жеткізілген. Олардың басым бөлігі, немесе, 169 адам заң бұзушылыққа қатысты деген күдікпен, 15 адам аты-жөнін анықтау үшін, 18 адам әкімшілік құқық бұзушылық деректері үшін ұсталған.
Қырғызстан Республикасы ІІМ-нің мәліметі бойынша Бішкектегі тонаушылық және ұрлық әрекеттерінен келген шығын көлемі 120,9 млн. сомнан (2,9 млн доллар) асты. Тұрғындардан табылып тәркіленген тоналған заттардың жалпы құны 400 мың доллардан асады. Тоналған дүниелерді өз бетімен қайтарып бергендерге қатысты қылмыстық санкциялар қолданылмайды.
Ал Халықаралық іскерлік кеңестің бас директоры Дэвид Грант Бішкектегі коммерциялық кәсіпорындардың тонаушылық салдарынан шеккен шығын көлемі алдын-ала 100 млн. долларға бағаланады деп мәлімдеген болатын. Бірақ , Халықаралық іскерлік кеңеске 70 ірі шетелдік және қырғызстандық инвесторлар шығынды мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен өтеп беруді талап етпейтінін хабарлауда.