Бішкек қалалық соты Қазақстандық компанияны "Бителді" меншіктену құқығынан айырды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкек қалалық соты Қазақстандық компанияны "Бителді" меншіктену құқығынан айырды

Бішкек қалалық соты Қазақстандық компанияны "Бителді" меншіктену құқығынан айырды

Бішкек ауданаралық соты Қазақстанның "Альянс-Капитал" компаниясымен аффилирлік байланысы бар Seimar Investment Group тобын жуырда ғана Бішкекте сатып алынған "Бител" ұялы телефон байланысы компаниясын меншіктену құқығынан айырды. Бұл туралы Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында "Бителді" сатып алу шарасының заңгерлік сараптамасын қамтамасыз еткен Steiner und Zingermann компаниясының заңгері Қанат Асылов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Сәуiр 2005
  • 472
Фото - Caravan.kz

«2005-жылдың 27-сәуірінде біз мынадай хабарлама алдық: Бішкек ауданаралық қалалық сотының судьясы Качкыналиева 15-сәуірде Fellows компаниясының талабын қанағаттандырып, алынған «Бител» ұялы телефон байланысы компаниясын меншіктену құқығын Fellows компаниясына берді»,- деді Қ.Асылов. Оның айтуынша, судья әлі күшіне енбеген шешімді орындау туралы тапсырма берген. Ал Қырғызстан заңдарына сәйкес соттың шешімі 30 күн ішінде заңды күшіне енеді.

Қ.Асыловтың айтуынша, соттың шешімі заңсыз болғандықтан компания Қырғызстан үкіметінен 300 млн. доллар талап ету туралы құжаттарды Лондондағы халықаралық сотқа жолдамақшы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Fellows компаниясының өкілдері «Бител» опцион шарттарын бұза отырып сатылған деп пайымдайды. Ал Steiner und Zingermann компаниясы заңгерлерінің айтуынша, опцион мерзімі 2003-жылдың 1-желтоқсанында аяқталды деп мәлімдеуде. Келісімнің шарттарына сәйкес опцион тараптардың өзара жазбаша мәмілесінің негізінде ғана ұзартылуы тиіс болған. Бірақ ол ұзартылмапты.
«Бител» ұялы телефон байланысы компаниясы Қырғызстандағы ірі операторлардың біріне саналады. Оның абоненттер базасы 344 мың адамды құрайды. 2005-жылдың 31-наурызындағы жағдаймен компания жоспарды 102,2 процентке орындады. Соттағы дау-дамай әзірге тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасына әсер еткен жоқ.

Перейти к новостям спорта