Оның айтуынша, бұл — мемлекетаралық авициялық комитеттің тұжырымы. Комитет мүшелері апат себептерін зерттеу материалдарына негіздей келе апатқа адами фактор әсер еткен деп шешті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, апаттан аман қалған борт командирі Юрий Гончаров қазір тергеуге Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің тергеу абақтысында жауап беруде. Апат кезінде ұшақта экипаж мүшелерін қосқанда 90 адам болған. Олардың 64 -і, соның ішінде бір Қазақстан азаматы қаза тапты. «Боинг-737» Бішкек — Тегеран бағытындағы рейске шыққан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті