Бішкекте 10-қазанда ТМД-ға мүше елдердің мемлекет басшыларының кеңесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте 10-қазанда ТМД-ға мүше елдердің мемлекет басшыларының кеңесі өтеді

Бішкекте 10-қазанда ТМД-ға мүше елдердің мемлекет басшыларының кеңесі өтеді

Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте 10-қазанда ТМД-ға мүше елдердің мемлекет басшыларының кеңесі өтеді. Бұл туралы кеше журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 7 Қазан 2008
  • 462
Фото - Caravan.kz

Ержан Ашықбаевтың айтуынша, кеңес күн тәртібінде достастық ұйымын дамыту және оның қызметін жетілдіру жайы қаралады. Сондай-ақ, ТМД-ға мүше елдердің шекаралас және аймақаралық қауіпсіздігі де қаралады деп күтілуде.

ЕСондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің хабарлағанындай, «10-қазанда Бішкек қаласында ЕУРАЗЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесінің 21-ші отырысын өткізу жоспарлануда, сол күні, сондай-ақ, Бішкекте Орталық Азия аймағындағы ынтымақтастық, су-отын энергетикасы, азық-түлік ресурстарының бірге пайдалану сұрақтарын талқылау бойынша Орта Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтеді. Сонымен қоса, халықаралық Аралды құтқару қорының қызметі де талқыланатын болады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар