Ержан Ашықбаевтың айтуынша, кеңес күн тәртібінде достастық ұйымын дамыту және оның қызметін жетілдіру жайы қаралады. Сондай-ақ, ТМД-ға мүше елдердің шекаралас және аймақаралық қауіпсіздігі де қаралады деп күтілуде.
ЕСондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің хабарлағанындай, "10-қазанда Бішкек қаласында ЕУРАЗЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесінің 21-ші отырысын өткізу жоспарлануда, сол күні, сондай-ақ, Бішкекте Орталық Азия аймағындағы ынтымақтастық, су-отын энергетикасы, азық-түлік ресурстарының бірге пайдалану сұрақтарын талқылау бойынша Орта Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтеді. Сонымен қоса, халықаралық Аралды құтқару қорының қызметі де талқыланатын болады".