Бішкекте 500-дей адам Жоғарғы сот ғимаратына шабуыл жасауда - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте 500-дей адам Жоғарғы сот ғимаратына шабуыл жасауда

Бішкекте 500-дей адам Жоғарғы сот ғимаратына шабуыл жасауда

Бішкекте 500-дей адам Жоғарғы сот ғимаратына шабуыл жасауда. Бұған дейін ғимаратты сайлауда жеңіліп қалған үміткерлердің жақтастары басып алған болатын,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бішкектен.

  • 1 Маусым 2005
  • 455
Фото - Caravan.kz

Шабуылға қатысушы 500 адам бүгін таңертең 20 шағын автобуспен оқиға орнына келіп жеткен. Жас мөлшерлері шамалас, бірдей киінген бұл адамдардың дене бітімі спортшыларға ұқсас келген.

Өздерін «халық өкілдеріміз» деп атаған шабуылға қатысушылар Жоғарғы сот ғимаратын босатуды талап етуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 22-сәуірде Қырғызстан Республикасы Жоғарғы сотының ғимаратын Жогорку кенеш сайлауында жеңіліп қалған үміткерлердің жақтастары басып алған болатын. Күні бүгінге дейін осы ғимаратта отырған бұл адамдар Қырғызстан Жоғарғы сотының судьясы мен бүкіл сот төрешілері құрамының түгелдей қызметтен кетуін талап етуде. Шабуыл жасалған жағдайда олар ғимаратты өртеп жібереміз деп қоқан-лоққы жасауда.

Перейти к новостям спорта