Бұйрық бойынша, құрылтайда Әлеуметтік мобилизация және әділ басқару, мемлекеттік басқару органдары мен азаматтық қоғамның ықпалдастық тиімділігін арттыру жылы деп жарияланған 2004-жыл қорытындысы шығарылады.
Бұл шараны өткізу үшін Қырғызстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Осмонакун Ибраимов басқарған ұйымдастыру комитеті құрылды. Ұйымдастыру комитетіне құрылтай бағдарламасын бір аптада тиянақтау туралы тапсырма берілді. Құрылтай бюджеттен тысқары қаржы көздерінен қаржыландырылады.
Құрылтайға қалыптасқан дәстүрге сәйкес Қырғызстан президенті, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, саяси және қоғам қайраткерлері, шетелдік және елдің барлық аудандарынан келген өкілдер қатысады.
Шараға қатысушылар елдегі тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қызмет ететін шараларды жобаламақшы.
Қырғызстан халықтарының бұған дейінгі соңғы құрылтайы 2004-жылдың қаңтар айында Бішкекте өткен.