Бішкекте әлем халықтары эпостарының бүкіләлемдік фестивалі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте әлем халықтары эпостарының бүкіләлемдік фестивалі басталды

Бішкекте әлем халықтары эпостарының бүкіләлемдік фестивалі басталды

БІШКЕК. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бішкекте бүгін әлем халықтары эпостарының бүкіләлемдік фестивалі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Қыркүйек 2006
  • 537
Фото - Caravan.kz



Фестиваль шымылдығын «Эпикалық мұраны сақтап қалудың жолдары мен жаңа формалары» атты халықаралық симпозиум ашты. Қырғызстан үкімет басшысы Феликс Куловтың салтанатты шарада атап көрсеткеніндей, «бұл форумның жұмысына бірлік идеясы ғана жоғары интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыда қажеттілік сипатын беруде».

Қыркүйектің 5 мен 9 аралығында өтетін әлем халықтары эпостарының бүкіләлемдік фестивалі аясында этнографиялық және кітап көрмесін, Орталық Азия елдері қолөнершілерінің жәрмеңкесін, театрландырылған қойылымдар, көркем фильмдердің көрсетілімі, фольклорлық ұжымдардың концерттерін ұйымдастыру көзделген.

Фестивальға Венгрия, Германия, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция сынды 20 -дай елден өкілдер қатысуда.