Бішкекте ауылшаруашылығының халықаралық көрме-жәрмеңкесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте ауылшаруашылығының халықаралық көрме-жәрмеңкесі ашылды

Бішкекте ауылшаруашылығының халықаралық көрме-жәрмеңкесі ашылды

Бішкекте ауылшаруашылығының "Интерагро-2005" халықаралық екінші көрме-жәрмеңкесі ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасының ауылшаруашылығы, су шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігінен хабарлады. Министрліктегілердің түсініктемесіне сәйкес, көрме көктемгі тұқым себу науқанының басталуына арналған.

  • 17 Наурыз 2005
  • 525
Фото - Caravan.kz

Шараның мақсаты — жергілікті фермерлер мен өнеркәсіп орындары арасында ынтымақтастық орнату, шаруаларға қазіргі заманғы тауарлар мен ауылшаруашылық құралдары туралы ақпараттар беруге саяды. «Интерагро» халықаралық көрме-жәрмеңкесі Қырғызстан Республикасының ауылшаруашылығы және экономикалық даму министрліктерінің бастамасы бойынша жыл сайын өткізіліп келеді.

Көрме-жәрмеңкеге Беларусь, Иран, Үндістан, Қазақстан және Ресей мен алыс-жақын шетелдерден 70-тен астам кәсіпорындар қатысуда. Көрме экспозициялары арасында түрлі тұқым сорттары, егістік материалдар, өсімдіктерді химиялық қорғау құралдары, минералды тыңайтқыштар, ауылшаруашылығы техникасы, мал шаруашылығы мен мал дәрігерлік құрал-жабдықтар, ақпараттық және анықтамалық материалдар бар.
Көрме-жәрмеңке 19-наурызға дейін созылады. Былтырғы жәрмеңке кезінде 4 млн. сомның 32 келісім-шарты жасалды.

Перейти к новостям спорта