Бішкекте бейберекетсіздіктер салдарынан 2 адам қаза тауып, 350 адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте бейберекетсіздіктер салдарынан 2 адам қаза тауып, 350 адам жараланды

Бішкекте бейберекетсіздіктер салдарынан 2 адам қаза тауып, 350 адам жараланды

Бішкектегі бейберекетсіздіктер салдарынан 2 адам қаза тауып, 350 адам дәрігер көмегіне жүгінді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Наурыз 2005
  • 319
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің баспассөз қызметінен хабарлауынша, соңғы бір тәулікте бір адам пышақталып қайтыс болса, екіншісі оқ тиіп мерт болған. Қаза тапқан адамдардың аты-жөні әзірге анықталған жоқ.

Бішкек желел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнар Тәшібекованың айтуынша, өткен түні қалада 37 дәрігерлік бригада кезекшілікке шыққан. Бұл жай күндердегіден 10 көлікке артық. Өткен тәулікте 103 адам ауруханаға жатқызылып, 257 азаматқа үйінде дәрігерлік көмек көрсетілді.
Г.Тәшібекованың айтуынша, дәрігерлер құқық қорғау мекемелерімен байланыссыз жұмыс істеген. Соның салдарынан екі жедел жәрдем автокөлігіне шабуыл жасалды.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің басым бөлігін мас күйіндегі немесе есірткі тұтынған 17-19 жас аралығындаы бозбалалар құрайды.

Перейти к новостям спорта