ІІББ ақпаратына сәйкес, тіркелген қылмыстардың бәрі 10-11 қараша күні жасалған, үш адам пышақталып қайтыс болған, екеуі ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары қызметкерлері , қылмыскердің қолынан зардап шеккендер саны көп болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Барлық оқиға Бішкектің оңтүстік ықшамаудандарында болған.
Кеше ІІББ бастығының орынбасары Самудин Айдаров Бішкек қалалық кенеші(кеңес) депутаттарының сессиясында мәлімдегеніндей, маньяк кісіге шабуыл жасағанда асханалық пышақты қолданады, және қараңғы түскен уақыттарда , жеке адамдарға шабуыл жасайды. Милиция қызметкерлері кісі өлтірушінің фотороботын жасады.
Қылмысқа , 25-35 жас аралығындағы , бойы 165-175 см, шашы қысқа қиылған , орыс тілін меңгермеген азиялық нәсілді азаматтың қатысы бар болуы мүмкін. Аман қалған адамдардың айтуынша, шабуыл жасаған жігіт қою көк түсті спорттық күртеше және кроссовка киген.
С.Айдаровтың сөзіне қарағанда, қылмыскерді іздестіруге 500-600 милиция қызметкері жұмылдырылған. Олар қалада күні-түні іздестіруде. ІІББ өкілдері, қылмыскер республикалық жүйке аурулары диспансерінде есепте тұруы мүмкін дегенді айтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті