Бірінші кезекте «Бета сторес» және «Silk Way» супермаркеттері зардап шекті. Бұзақылар тұрмыстық және кеңсе техникасы мен киім-кешек, азық-түліктен бастап ештеңе қалдырмай сыпырып кеткен.
Бағалы заттар тоналғаннан кейін орталықтарды өртеп жіберген.
Қылмыскерлер көбінесе шетелдік журналистерге шабуыл жасап, олардың ұялы телефондары мен аппаратурасын тартып алуда. Көшелердегі тәртіпсіздіктер салдарынан кем дегенде екі адам қаза тапқан. Құрбан болғандардың нақты саны анықталу үстінде.