Бішкекте ЕурАзЭҚ елдері орталық банктері жетекшілерінің мәжілісі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте ЕурАзЭҚ елдері орталық банктері жетекшілерінің мәжілісі өтеді

Бішкекте ЕурАзЭҚ елдері орталық банктері жетекшілерінің мәжілісі өтеді

Бүгін, 29-маусымда ЕурАзЭҚ -қа мүше елдер орталық банктері жетекшілерінің мәжілісі өтеді.

  • 29 Маусым 2004
  • 349
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, шара барысында ЕурАзЭҚ -қа мүше елдердің орталық банктерінің жұмыс істеу принциптерін талқылау жоспарланған. Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар Қоғамдастық мемлекеттері аясындағы вексель айналымы туралы мәселені де зерттемекші.

Кеңес барысында «Қоғамдастық аясында бір мемлекет резиденттерінің өз өкілдіктерінің іс-қызметтерін реттеу үшін екінші мемлекеттің банктерінде есепшоттар ашу тәртібін біріздендіру туралы» келісімнің жобасы да талқыланады.
ЕурАзЭҚ 2000-жылдың қазан айында құрылған. Қоғамдастыққа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан енеді. Армения, Молдова және Украина Қоғамдастық жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.

Перейти к новостям спорта