Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжілісте ТМД елдерінің өзара ынтымақтастық нәтижелері қаралып, бірлесіп пайдаланылатын ақпараттық ресурстарды дамыту жоспарлары дәйектеледі. Тараптар өзара ғылыми-техникалық ақпарат алмасуды жетілдіру саласының болашағы туралы талқылайды.
Ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі мемлекетаралық үйлестіру кеңесі өзара келісілген ақпараттық саясат қалыптастыру және оны жүзеге асыру, мемлекетаралық ғылыми-техникалық ақпарат алмасу шарттары мен тәртіптерін айқындау мәселелері жөніндегі үкіметаралық үйлестіру органы болып табылады.
Кеңес құрамына Әзербайжан мен Түрікменстаннан өзге ТМД-ның 10 елінің толық құқылы өкілі енеді. Ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі мемлекетаралық үйлестіру кеңесінің ресми тілі — орыс тілі. Кеңес жылына бір мәрте бас қосады.
Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат жүйесіне ену үшін Қырғызстан мемлекетаралық үйлестіру кеңесі аясында ақпарат алмасу жөніндегі бірқатар келісімдерге қол қойған және Армения, Қазақстан, Қытай, Ресей және Украинаның ғылыми ақпараттық орталықтарымен екі жақты ынтымақтастыққа қатысады. Ынтымақтастық аясына өзара тәжірибе алмасу, ашық ақпараттармен алмасу, өнімдер мен қызмет түрлерін алмасу, халықаралық бас қосуларға, әлемдік әдебиет шолуларына қатысу, ғылым, техника мен экологиялық соңғы жетістіктерді тарату, сақтау, өңдеу және талдау саласындағы өзара ықпалдастықты қамтиды.