Бішкекте Куловтың қызметтен кетуін талап еткен митинг өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте Куловтың қызметтен кетуін талап еткен митинг өтуде

Бішкекте Куловтың қызметтен кетуін талап еткен митинг өтуде

Бішкектің орталық алаңында Қырғызстан үкімет басшысы Феликс Куловтың қызметтен кетуін талап еткен митинг өтуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қазан 2005
  • 420
Фото - Caravan.kz

Митингіні абақтыдағылардың қолынан қаза тапқан депутат Тынычбек Акматбаевтың жақтастарды ұйымдастырды. «Алатоо» алаңына шыққан 300дей адам «Кулов кетсін!», «Кулов пен Батукаев кісі өлтіргіштер» деген жазуы бар плакаттар ұстаған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20-қазанда Қырғызстан парламентінің депутаты Т.Акматбаев №31 қатаң тәртіпті абақтыны аралау барысында оққа ұшқан болатын. Онымен бірге екі көмекшісі қаза тапты. Тергеу жорамалына сәйкес, олардың бәрін бір тұтқын қолдан жасаған тапаншадан атып өлтірген. Қаза тапқандардың денесін қамаудағылар тек Куловтың тікелей араласуынан кейін ғана берді. Колониядағы оқиғаға орай өткізілген парламенттің отырысында үкімет басшысы Т.Акматбаевтың өлімі саяси себептерге байланысты емес деген пікір білдірген.
Әзиз Батукаев — №31 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан қылмыс әлемінің танымал серкелерінің бірі. Республика құқық қорғау мекемелерінің мәліметіне сәйкес, ол қаза тапқан депутаттың туған ағасы Рыспек Акматбаевпен қырғиқабақ қарым-қатынаста болғандықтан, депутаттың өліміне сол кінәлі болуы мүмкін.

Перейти к новостям спорта