Бішкекте наразылық шарасына қатысушылар Қырғызстан Жоғары сотының ғимаратын басып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте наразылық шарасына қатысушылар Қырғызстан Жоғары сотының ғимаратын басып алды

Бішкекте наразылық шарасына қатысушылар Қырғызстан Жоғары сотының ғимаратын басып алды

Бішкекте судьялар корпусының түгелімен отставкаға кетуін талап еткен наразылық шарасына қатысушылар Қырғызстан Жоғары сотының ғимаратын басып алды,- деп хабарлайды оқиға орнында жүрген KZ-today ақпараттық агенттігінің Бішкектегі тілшісі.

  • 27 Сәуiр 2005
  • 345
Фото - Caravan.kz

Бүгін күндіз сот ғимаратына басып кірген бірнеше адам талаптары орындалмайынша одан шықпаймыз деп мәлімдеуде. Наразылық шарасына қатысушылар — парламент сайлауында жеңіліп қалған үміткерлердің жақтастары. Бұған дейін олар өз мақсаттарына жету үшін өзін-өзі өртеуге дейін баратындарын мәлімдеген болатын.

Қырғызстан Жоғары соты ғимаратының жанындағы наразылық шаралары бір аптаға созылды. Халық-бұқараның қыспағымен Қырғызстан Жоғарғы сотының төрағасы Құрманбек Осмонов отставкаға кету туралы өтініш берді. Алайда, наразылық шарасына қатысушылар судьялардың толық құрамда қызметтен кетуін талап етуде.
Ғимарат ішінде қалған сот қызметкерлерімен телефон арқылы байланысқа шығу талпыныстары нәтиже бермей отыр. Телефон қоңырауына ғимаратты басып алған адамдар жауап беруде. Олардың мәлімдеуінше, құқық қорғау мекемелері қарсылық көрсетпеген. Наразылық шарасына қатысушылардың пікірінше, жұмыс бөлмелеріндегі мүлікті арнайы тағайындалған кезекшілер күзетуде. Ал ғимараттағы ахуал тыныш.

Перейти к новостям спорта