Бішкекте оппозицияның митингісі одан әрі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте оппозицияның митингісі одан әрі жалғасуда

Бішкекте оппозицияның митингісі одан әрі жалғасуда

БІШКЕК. 6-қараша. Kazakhstan Today. Бішкекте президент пен үкімет басшысының отставкаға кетуін талап етіп отырған "Реформалар үшін" оппозициялық қозғалысының митингісі осымен бесінші күн жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қараша 2006
  • 278
Фото - Caravan.kz

Митинг бүгін 11 сағатта басталады. Оппозиция жетекшілері әлеуметтік жарнама дайындап, жергілікті телевидение арқылы тұрғындарды наразылық шарасына қатысуға шақыруда.

Қазір Бішкектің орталық алаңында бір мыңдай адам жиналған. Митингіге қатысушылар 2-қарашада қала орталығында, Қырғызстан үкімет үйінен 100 метр жерде шатырлар тігіп алған, олар талаптары орындалмайынша бұл жерден кетуден бас тартуда.

Бүгін белгілі болғанындай, Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев парламентке жаңа Конституцияның жобасын енгізді. Депутаттар бейсенбіде құжатты талқылауға кіріседі. Бұған дейін ол парламенттің салалық комитетінде қаралады. Елдің негізгі заңын жаңалау — «Реформалар үшін» оппозициялық қозғалысының талаптарының бірі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта