Бішкекте Орталық Азия елдерінің саяси тақырыпта жазатын журналистері үшін тренинг өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте Орталық Азия елдерінің саяси тақырыпта жазатын журналистері үшін тренинг өтеді

Бішкекте Орталық Азия елдерінің саяси тақырыпта жазатын журналистері үшін тренинг өтеді

Қарашаның 29 мен 1-желтоқсан аралығында Бішкекте Орталық Азия елдерінің саяси тақырыпта жазатын журналистері үшін "БАҚ және Орталық Азия елдеріндегі президент сайлауы" тақырыбында тренинг өтеді. Шараны Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Бішкектегі академиясы ұйымдастырады.

  • 26 Қараша 2004
  • 749
Фото - Caravan.kz

Оған байқау негізінде іріктелген Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандық журналистер қатысады.

Тренингті ұйымдастырушылардың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, шараның басты мақсаты — «аймақтағы саяси процесстерді одан әрі демократияландыруға» түрткі болуға саяды.
Журналистер сайлау барысындағы БАҚ-тар ролі, аймақ елдеріндегі саяси институттардың жұмысы туралы дәріс тыңдап, пікірталастарға қатысуға және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президентінің сайлауы 2005-жылғы қазанда өтеді.

Перейти к новостям спорта