Бішкекте Орталық Азия елдерінің су ресурстарын басқару мәселелері талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте Орталық Азия елдерінің су ресурстарын басқару мәселелері талқыланады

Бішкекте Орталық Азия елдерінің су ресурстарын басқару мәселелері талқыланады

Бүгін, 28-қыркүйекте Бішкекте Орталық Азия елдерінде су ресурстарын интеграциялық басқару мәселелерін талқылауға арналған семинар-кеңес басталды. KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасы ауылшаруашылығы, су шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігінен хабарлағанындай, шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстандық сарапшылар қатысады.

  • 28 Қыркүйек 2004
  • 594
Фото - Caravan.kz

Кездесуге қатысушылар трансшекаралық Шу және Талас (Қырғызстан және Қазақстан), Вахш және Амудария (Тәжікстан және Түрікменстан) өзендерінің су қорын пайдалануға қатысты қиындықтарды талқылайды.

Тараптар су ресурстарын интеграциялық басқаруға көшу стратегиясының жобасын да сарапқұа салуды көздеп отыр. Бұл жобаны жүзеге асыруға Еуропалық Одақ 2 млн. евро бөлген.
Толықтырылған құжат Орталық Азия елдерінің үкіметтерінің қарауына ұсынылады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта