Бішкекте Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі миграциялық саясатқа арналған халықаралық конференциясының отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі миграциялық саясатқа арналған халықаралық конференциясының отырысы өтеді

Бішкекте Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі миграциялық саясатқа арналған халықаралық конференциясының отырысы өтеді

26-29-қаңтарда Бішкекте Орталық Азия , Кавказ және басқа да елдердегі "Ыстықкөл диалогы " аясындағы миграциялық саясатқа арналған халықаралық конференциясының 4-отырысы өтеді. Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен таратылған хабарламада айтылған.

  • 23 Қаңтар 2004
  • 484
Фото - Caravan.kz

Бұл отырысты Қырғызстан Республикасының көші-қон және босқындар мәселесі жөніндегі аймақтық орталығы Көші-қон саясаты жөніндегі Халықаралық бағдарлама, халықаралық көші-қон ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы мен БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас Комиссарының басқармасымен бірлесе отырып ұйымдастырмақшы. Ондағы мақсат — көші-қон және босқындар саясаты саласындағы аймақтық ынтымақтастықты дамыту болмақ.

Конференция аясында «Ыстықкөл диалогы» атты жобаның шеңберінде бұған дейінгі кездесулерде қабылданған қорытындылар мен нұсқауларды жүзеге асыру жайына қатысты әр елдің есебі мен халықаралық ұйымдардың есебін тыңдау көзделіп отыр. Сондай-ақ, еңбек көші-қонына қатысты саясат, гастарбайтерлердің еңбек рыногына қол жеткізу және ақшасын еркін аудару мүмкіндігін қамтамасыз ету, жеке меншік сектордың көші-қон саясатына атсалысуы , жұмыс іздеп келген мигранттар мен босқындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам саудасымен күрес шаралары сынды мәселелер де сарапқа салынады.