Бішкекте Панфилов дивизиясы құрылуының 70 жылдығына орайластырылған реквием-митинг өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте Панфилов дивизиясы құрылуының 70 жылдығына орайластырылған реквием-митинг өтті

Бішкекте Панфилов дивизиясы құрылуының 70 жылдығына орайластырылған реквием-митинг өтті

Бішкекте ел Президенті Роза Отынбаеваның, Ресейдің Қырғызстандағы елшісі Валентина Власованың, Қырғызстан Қорғаныс министрі Абибилла Құдайбергенов пен Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловтың немересі Балдырған Байқадамованың қатысуымен Панфилов дивизиясы құрылуының 70 жылдығына орайластырылған реквием-митинг өтті.

  • 12 Шiлде 2011
  • 370
Фото - Caravan.kz

Ұлы Отан соғысы жылдары жауынгерлері Мәскеу үшін шайқаста ерен ерлік көрсеткен даңқты 316-шы (8-ші гвардиялық) атқыштар дивизиясы осыдан 70 жыл бұрын құрылған болатын.

Қырғызстан Президенті Р.Отынбаева мен қорғаныс министрі Абибилла Құдайбергенов И.В. Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Одан кейін қырғыз Президенті Ұлы Отан соғысы және Панфилов дивизиясы ардагерлерімен жеке-жеке амандасып шықты.

Р.Отынбаева өз сөзінде, панфиловшылар дивизиясының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері туралы мәңгілік жадымызда сақтау керектігін ерекше атап көрсетті және олардың ерліктері жастарды тәрбиелеу ісінде үлгі болуы керектігін айтты.

Соңғы жаңалықтар