Бішкекте парламенттің шұғыл отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте парламенттің шұғыл отырысы өтуде

Бішкекте парламенттің шұғыл отырысы өтуде

Бішкекте республикадағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне арналған парламенттің шұғыл отырысы өтуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан парламентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Маусым 2005
  • 381
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, депутаттар Қырғызстан үкімет үйіне бүгін жасалған шабуылдың себеп-салдарын талқылауда. Халық қалаулыларының алдында сөз сөйлеген республиканың күш құрылымдарының жетекшілері жағдай бақылауда деп мәлімдеуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін 17-маусымда Урматбек Барыктабасовты Қырғызстан мемлекет басшысы лауазымынан үміткер ретінде тіркеуді талап еткен 100-дей адам Үкімет үйіне басып кірген. Көзден жас ағызатын газды пайдаланған милиция наразылық шарасына қатысушыларды Бішкектің орталық алаңынан айдап шықты. Ғимарат төңірегіндегі алаңды Қырғызстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршап алды.
Қазіргі жағдаймен қала орталығында наразылық шарасына қатысушылар жоқ.
Президент әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев қазір Бішкекте ахуалды тұрақтандыруға бағытталған шараларды басқаруда. Бүгін таңертең Қ.Бакиев Чу облысына жұмыс сапармен шыққан болатын. Алайда, Үкімет үйіне шабуыл жасалғаны туралы ақпаратты ести сала ол астанаға шұғыл оралды.

Перейти к новостям спорта