Бес қаруы сай лаңкесті де арнайы жасақ үшін оңайға соқпапты. Ішкі істер органының өкілдерін көре сала тұра қашқан содырды аяғынан атып түсіруге тура келген. Ұсталған сәтте, одан тапанша мен «Ислам мемлекеті» деп ат қойып алған «ДАИШ» лаңкестік ұйымының туы табылды. 12-ші қазан күні Шу облысындағы қатаң колониядан жазасын өтеуші 9 адам қашып, төртеуі ұстатпай кеткен болатын. Олардың екеуі кейін арнайы жасаққа қарсылық көрсетіп, атыс кезінде қаза тапты. Ал үшіншісі бүгін тірідей қолға түсіп отыр. Енді қашқындардың біреуі ғана ұстатпай жүр. Ол – Алтынбек Итибаев.