Бішкекте қазақ халқының мәдениетіне арналған концерт өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте қазақ халқының мәдениетіне арналған концерт өтті

Бішкекте қазақ халқының мәдениетіне арналған концерт өтті

Қырғызстан астанасында «Музыка - халықтың жаны: Қазақстан» деген атпен концерт өтті.

  • 24 Ақпан 2014
  • 775
Фото - Caravan.kz

Оны жергілікті қоғамдық ұйымдар ұйымдастырды. Қырғыз ұлттық филармониясының залы көрсетілім басталғанша-ақ лық толды. Әртістер сахнаға шығып, өнер көрсетпес бұрын осы елдегі қазақтардың қоғамдық ұйымдарының қызметі жайлы деректі фильм көрсетілді.

Соңынан Қазақстаннан келген «Махаббат» ансамблінің әртістері қазақтың ұлттық билерін орындады. Айта кетер жайт, қазақ тіліндегі әндерді тек қонақтар ғана емес, сонымен бірге әуесқойлар мен жергілікті кәсіби опералық әншілер де шырқады.

Қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптарының таныстырылуы жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Залдағы көрермендерге, сонымен бірге шараға келген шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне ұлттық сусындар мен тағамдар ұсынылды.


Қазақтың ұлттық аспаптары — домбыра, жетіген, қобыз әуендерінен соң қазақ пен қырғыз ақындарының айтысы ұйымдастырылды. Олар халықтар арасындағы бейбітшілік пен достық тақырыбын арқау етті.

Перейти к новостям спорта