Бішкекте қазақ киносының күндері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте қазақ киносының күндері өтеді

Бішкекте қазақ киносының күндері өтеді

Бүгін, 10-қарашада Бішкекте қазақ киносының күндері басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан кинематографистерінің одағынан хабарлады.

  • 10 Қараша 2005
  • 563
Фото - Caravan.kz

Ұйымның түсініктемесіне сәйкес, екі күнге созылатын көрсетілім барысында көрермендер «Лейланың мінажаты» және «Жас аккордеоншының ғұмырнамасы» атты фильмдерді тамашалай алады. Бірінші туындыда ядролық сынақ алаңына таяу орналасқан Семей облысындағы бір ауылдың тұрғындары туралы баяндалса, екіншісінде Қазақстандағы соғыстан кейінгі нәубетшілік оқиғалары суреттеледі.

Қазақ киносының күндерінің ашылуына аталмыш кинотуындылардың режиссері Сатыпалды Нарымбетов қатысады.
Қазақ киносының күндері Швейцарияның даму және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бір бағдарламасы аясында Қырғызстан кинематографистері одағы мен Бішкектегі бірқатар кинотеатрлардың қолдауымен өткізіліп отыр. Осынау мәдени шараны жүзеге асыруға Қырғызстандағы Қазақстан елшілігі де көмек көрсетті.