— Террорлық акт жасалу қаупі жоғары. Матч қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұлтаралық алауыздықты, жалпы алғанда жаппай тәртіпсіздікті болдырмау мақсатында өткізілмейтін болды, — деді Сұлтанов.
Қырғызстан мен Мьянма футболшылары арасындағы матч 5 қыркүйекте Бішкектегі Омурзаков стадионында өтуі тиіс болған. Ойын 2019 жылы өтетін Азия кубогына іріктеу туры аясында өткізілуі тиіс болған. Бұл командалардың қарымта кездесуі 10 қыркүйекте Мьянмада өтуі тиіс болатын.