Бішкекте ШЫҰ үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.26
  • 602.13
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте ШЫҰ үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталады

Бішкекте ШЫҰ үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталады

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары бүгін үкімет басшылары кеңесіне қатысу үшін Қырғызстан астанасында бас қосты.

  • 5 Желтоқсан 2012
  • 406
Фото - Caravan.kz

Кеңес отырысына Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан премьер-министрлері қатысады. Өзбекстан делегациясын Өзбекстанның бірінші вице-министрі басқарады. Бақылаушылар ретінде Бішкекке Ауғанстан, Үндістан, Иран, Монғолиядан үкіметтік делегациялар келді.

Кеңес шеңберінде қатысушылар алдымен жеке құрамда, содан кейін кеңейтілген келіссөздер жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша ШЫҰ хатшылығының көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы есеп қабылдайтын құжаттарға қол қойылады, 2016 жылға дейінгі жобалық қызметті әрі қарай дамыту бойынша іс-шаралар тізімі, келесі жылдың бюджеті айқындалады, сондай-ақ отырысқа қатысушылардың ұйымды дамыту қорын құру жұмысы туралы құжат пен бірлескен мазмұндамаға қол қойылады.