Бішкекте “теракт жасамақ” болған 2 адамның көзі жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте “теракт жасамақ” болған 2 адамның көзі жойылды

Бішкекте “теракт жасамақ” болған 2 адамның көзі жойылды

Бішкекте 11 желтоқсанға қараған түні Шу облысы мен Бішкек маңында террорлық шабуылдар ұйымдастырмақ болды деген күдікпен екі адамның көзі жойылды

  • 11 Желтоқсан 2015
  • 658
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Ресми ақпаратқа қарағанда, 11 желтоқсанға қараған түні Бішкектің Шығыс-5 шағын ауданында халықаралық террорлық ұйымның мүшесі болуы мүмкін деген қылмыстық топқа қарсы операция жүргізілген. Күдіктілер ұстау кезінде қарсылық көрсеткендіктен көзі жойылған.


Операцияда қауіпсіздік күштерінің бір қызметкері жараланған.

Көзі жойылған топ мүшелерінен төрт “Макаров” тапаншасы, гранаталар, қолдан жасалған жарылғыш заттар табылған.

Соңғы жаңалықтар