Отырыста ТМД елдерінің энергетикалық жүйелері бірлестігін дамытуға және оның тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасайтын стратегиялық маңызды мәселелер кешені талқыланады деп күтілуде. Атап айтсақ, ТМД елдерінің энергетикалық жүйелері бірлестігі мен Балтық жағалауы Республикаларының энергетикалық жүйелері бірлестігін Батыс, Орталық және Шығыс Еуропаның энергетикалық бірлестіктерімен синхронды жұмыс істей бастауға дайындау, сондай-ақ, ТМД елдері электр қуаты жүйесінің қатарлас жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі Келісімді орындауға бағытталған шаралар жоспарын жүзеге асыру мәселелері сараланбақ.
Отырыста сондай-ақ, ТМД елдерінің мемлекетаралық электр энергетикалық рыногін қалыптастыру және оны дамытудың басты принциптері мен электр қуатын өндіру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтар ауқымын кеңейту тақырыптары да ортаға салынады.
Отырысқа Кеңеске мүше-мемлекеттердің энергетика министрлері мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ, электр қуатын өндіруші компаниялардың басшылары қатысады. Сонымен бірге бас қосуға халықаралық энергетикалық ұйымдар мен алыс-жақын шетелдердің электр энергиялық компанияларының өкілдері де қатысады деп күтілуде.