Бішкекте ТМД елдері шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің жиналысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте ТМД елдері шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің жиналысы өтеді

Бішкекте ТМД елдері шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің жиналысы өтеді

БІШКЕК. 13-қазан. Kazakhstan Today. Қырғызстан астанасы Бішкекте 18-20-қазанда ТМД елдері шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің жиналысы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қырғызстан Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 13 Қазан 2006
  • 439
Фото - Caravan.kz

Кеңеске ТМД Атқару комитеті, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығы, ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің хатшылығы мен ТМД антитеррорлық орталығының өкілдері қатысуға ниет білдірген.

Кездесуде ТМД мемлекеттері арқылы өтетін заңсыз көші-қонға, лаңкестік қаупіне, есірткі саудасы мен контрабандаға, заңсыз қару және оқ-дәрі тасымалына қарсы күреске бағытталған бірқатар бірлескен шаралардың қорытындысы шығарылады.

ТМД елдері шекара әскерлерінің қолбасшыларын 19-қазанда Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев қабылдайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта